Өскеменде есірткі жеткізушілердің бірі ұсталды
Тағы бір есірткі жеткізуші Ахмер кентінен тауар партиясымен қолға түсті
Полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын тығып кетумен айналысып жүрген жігіттің ізіне түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға қазан айында Ахмер кентінде орын алған. Күдікті облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Жеке тінту барысында ұсталған адамнан 346 полимерлі орама табылып, тәркіленді, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 500 грамнан асатын "Альфа-PVP" психотроптық заты екені анықталған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлікті тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.