Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да түнде алты адам қар құрсауында қалып қойған

Құтқарушылар Глубокое ауданында қарға батып қалған көліктердің жолаушыларын эвакуациялады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да түнде алты адам қар құрсауында қалып қойған
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Глубокое ауданында Сержиха мен кіші Уба өзендерінің түйіскен жерінде "Ниссан Патрол" және "УАЗ" автомобильдерінде 6 адам қарда қалып қойды, оның ішінде екі бала бар еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

Демалыс орнынан үйлеріне бет алған азаматтардың жолын толассыз жауған қар басып қалған. Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын "Трекол" көлігімен келді. Олар төрт ересек пен екі баланы қар құрсауынан эвакуациялап, Өскеменге жеткізді, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


ШҚО ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
Синоптиктердің болжамдарын мұқият қадағалап, бұқаралық ақпарат құралдарында және "Дармен" мобильді қосымшасында ТЖ қызметінің арнайы хабарламаларына ("дауылды ескертулер") немқұрайлы карамау қажет.


Елді мекендерден тыс жерлерге шығарда автокөлікте трос, алғашқы көмек қобдишасы, азық-түлік қоры және шай құйылған термос, фонарь және телефонға арналған қуаттағыш болуы қажет. Ұйықтау қапшықтарын немесе жүннен жасалған көрпе алыңыз. Көлікте қосалқы доңғалақ, домкрат, баллон кілті, жөндеу жинағы, апаттық тоқтау белгісі болуы керек.

ТЖ кезінде 112 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.

Следующая →