Өскемен
Қалың бұлтты
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Семей
    -21°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -27°
  • Ақтөбе
    -20°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -5°
  • Қарағанды
    -24°
  • Көкшетау
    -30°
  • Қостанай
    -23°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -28°
  • Петропавловск
    -32°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +2°
  • Орал
    -18°
  • Шымкент
    +5°
$
497.33
+2.67
586.7
+4.83
¥
71.99
+0.38
6.48
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО полицейлері несиесін төлеуден жалтарып жүрген борышкерді анықтады

Борышкердің 6 млн теңгеден астам қарызы болған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО полицейлері несиесін төлеуден жалтарып жүрген борышкерді анықтады

Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне облыстың 43 жастағы тұрғынынан 6 004 746 теңге мөлшерінде борыш өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД-ға сілтеме жасап.

Полиция ақпаратына сүйенсек, азаматша ағымдағы жылдың маусым айынан бастап несие корпорациясының қарызын төлеуден жалтарып жүрген.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында қарызын төлемеген әйел адамның облыс аудандарының бірінде жүргенін анықтаған. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, - делінген мекеме таратқан ақпаратта.

Жалпы жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 80-астам борышкерді анықтаған.

ШҚО ПҚД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-ның 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-ның 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Следующая →