Өскеменде аулада тұрған көлікті біреу айдап кеткен
Өскемендік студент аулада тұрған автокөлігінің жоғалып кеткенін хабарлаған
Студенттің айтуынша, құны 1 000 000 теңгеге жуық "ВАЗ" автокөлігін белгісіз біреу ұрлап айдап әкеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ПД-ға сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Көлік тәркіленді, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 200-бабы 1-бөлігі бойынша "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз айдап алып кету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер күдікті кінәсін мойындаған жағдайда, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.