320 мыңға жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдап кеткен
Өскемен қаласының тұрғыны жүргізуші куәлігін жасап бермекші болған танысының үстінен полицияға арыз жазды
Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Өскемен қалалық ПБ-ның Үлбі аудандық бөлімшесіне хабарласқан 33 жастағы облыс орталығының тұрғыны танысының өзін жаздан бері алдап келе жатқанына шағымданған. Анықталғандай шілде айында жәбірленушінің танысы жүргізуші куәлігін тез ресімдей алатынына сендіріп, қызметі үшін 320 000 теңге көлемінде ақша алған. Алайда бірнеше ай өтсе де жәбірленуші куәлікке қол жеткізе алмай, полициядан көмек сұраған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. 26 жастағы жергілікті тұрғын өз ісін мойындаған. Оған қатысты "келуге міндеттеу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.