Кеше Ыстанбұл көшелерінің бірінде жарылыс болды
Истикляль көшесінде болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақат алды

Жарылыс болған аумақта жедел-тергеу тобы жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Истикляль көшесі мен Таксим алаңы, сондай-ақ Таксим Джумхуриет көшесіндегі Сисли-Тарлабаши бағытындағы жерасты өткелі мен Таксим бағытындағы Ункапани (Ататүрік) көпіріндегі қозғалысқа шектеу қойылып, жабылды.
Түркияның вице-президент Фуат Октай жарылысты әйел адамның жасағанын және бұл террорлық әрекет деген ойда.
Ел президенті Ердоған осы мәселеге қатысты жиналыс өткізді.
Мүмкін бұл терроризм деп айтқан дұрыс емес шығар, бірақ губернатордың берген оқиға туралы алғашқы ақпараттары күдігімізді растай түседі, - деді Президент.
Айта кеткен жөн, Таксим ауданындағы Истикляль көшесі халық көп жиналатын, мейрамханалары мен клубтары, сауда орындары көп аймақ.