Өскеменде кәмелетке толмаған бала есірткі жеткізумен айналысқан
Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шарасы барысында есірткі жеткізумен айналысып жүргендерді ұстады. Оның бірі әлі кәмелетке де толмаған
"Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және ШҚО ПД КҚО-мен бірлесіп, Меновное кентінде интернет-дүкеннің екі "курьер-закладчигін" ұстаған. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі әлі кәмелеттік жасқа толмаған.
Тінту жүргізу барысында ұсталғандардан электр таспасына оралған 48 бума тәркіленген. Сараптама көрсеткендей, олардың құрамында 20 грамнан астам "Альфа-пирролидиновалерофенон" психотроптық заты болған.
Қазіргі уақытта жасөспірім үйқамақта, ал оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп мәлімдеді ШҚО ПД Баспасөз қызметі.