Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Асар үміт" қоғамдық қорынның "Asar Joly" форумы өтеді

Еріктілер бүкіл Қазақстанды аралап, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да "Асар үміт" қоғамдық қорынның "Asar Joly" форумы өтеді

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі және «Асар үміт» қоғамдық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашевтың бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында «Асар жолы» қайырымдылық марафоны өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Асар үміт» қорының президенті Асхат Нұрмашев пен қордың жетекші блогері Серік Қамбарбаев айтты.

Форум өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, нығайтуға, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттауға бағытталған жастардың қоғамдық пайдалы бастамаларын қолдау мақсатында өткізілмек.

Асар жолы жобасының мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде, барлық қалаларда 20 мың шақырым жол жүріп, жақсылық жасау, кішкентай бүлдіршіндерге мотивация беру, мұқтаж жандарға баспана беру, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету. Еліміз бойынша елуге жуық отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, - деді Асхат Нұрмашев.

Серік Қамбарбаев қордың тарихы туралы айтып берді: оның қызметінің арқасында қазірдің өзінде 500-ден астам отбасы өз баспаналарына ие болды.

Біздің басты мақсат – қоғамның әлеуметтік осал топтарына көмектесу. «Asar Ume» мұқтаж балалар мен жалғызбасты аналарға көмектесті. Ел болып қол ұшын созып, баспана сыйлаған жандарды өмірі өзгерді. Тек үй сыйлап қана қоймай, ата-аналарды жұмысқа орналастырамыз, балалардың оқуына көмектесеміз, - деді блогер.

Сондай-ақ, брифинг барысында спикерлер қордың барлық отбасыларға өз стартаптарын ашуға көмектесетін және бизнесте қолдау көрсететін өз демеушілері бар екеніне тоқталды.

Басқаларға одан әрі көмектесу үшін қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардан меценат жасағымыз келеді. Сондықтан қайырымдылыққа бейжай қарамайтын барша қауымды 11 қараша күні сағат 18.00-де Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында өтетін форумға шақырамыз, - деді спикер.

Айта кету керек, бүгінде қор әртүрлі жастағы еріктілерді, кәсіпкерлерді, жұмысшыларды және белсенді азаматтардың басын қосты - үш жылда бүкіл Қазақстан бойынша үш миллионнан астам адам бірікті.

Следующая →