Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддердегі ТЖ режимі температура толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана алынады

Бүгінгі таңда риддерліктердің үйлеріндегі температура 18 градустан 24 градусқа дейін көтерілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддердегі ТЖ режимі температура толық қалпына келтірілгеннен кейін ғана алынады
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы АКҚ-дан

Риддердегі ЖЭО-ның төрт қазандық агрегаты іске қосылды (№№1,2,3 және 6). Жылу беру 70 градусқа дейін көтерілді. Алайда жылумен жабдықтау жүйесі толығымен қалпына келгенше төтенше жағдай режимі алынбайды, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО Ақпараттық орталығы ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың айтуынша, 4 және 5-қазандықтарды қалпына келтіру жұмыстарының тізімі жасалды, жөндеуге қажетті жабдықтар келді. Бір аптадан кейін 4-қазандық іске қосылады, бесіншісіне біраз уақыт керек.

Риддердің тұрғындарын алаңдатып отырғаны – жылу үшін төлемді қайта есептеу мәселесі. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тұрғындардың кейбірі комунналдық қызмет ақысын алдын ала төлеп қояды. Сондықтан суық үйде отырған күндері үшін төлемді қайта есептеуді талап етулері заңды.

Қазір ПИК және кондоминиум өкілдері жылу энергиясының жетпей қалған сомасын тіркеп жатыр, содан кейін бұл ақпаратты жылумен жабдықтаушы компанияға жібереді, - деп атап өтті Дмитрий Горьковой. - Егер ЖЭО бұдан бас тартса, онда біз тұрғындардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аламыз. Кінәлілерді жазалау бойынша тергеуді құзыретті органдар, оның ішінде қадағалау органдары жүргізуде. Осы уақыт аралығында ЖЭО-да ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов болды.

Атап өту керек, Риддер тұрғындары ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару петиция жазып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке жүгінді. Өйткені ЖЭО қазіргі басшылықа қала берсе, қыстың қытымыр суғында да дәл осындай жағдай қайталана ма деп қорқады.

Следующая →