Өскемен
ясно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да браконьер 90 келі балықпен ұсталған

Заңбұзушылық әрекеттер Алтай және Тарбағатай аудандарында тіркелген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да браконьер 90 келі балықпен ұсталған
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулауға, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

ЖПІШ барысында ШҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері Алтай ауданы полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының жағасында браконьерді ұстаған. Ол балықты өз қайығымен аулаған, кейінірек тәртіп сақшылары 90 келі балықты санап алған.


Полицейлер Тарғабатай ауданындағы Тұғыл ауылының 59 жастағы тұрғынын браконьерлік жасамақ болды деген күдікпен ұстаған. Резеңке қайықта ер адам монофиламенттен жасалған синтетикалық торларды қолданып, балық ресурстарын өндірумен айналысқан. Оқиға орнынан тәртіп сақшылары 500 метрлік ау мен қайықты тәркілеген.

Екі факті де ҚР ҚК-ның 335-бабының 1-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркелді, енді ер адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы 19 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Следующая →