ШҚО-да көлік апатынан екі адам мерт болды
Кеше ШҚО-дағы Өскемен-Риддер автожолында қайғылы жол апаты орын алды
Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2 қарашада сағат 14.00 шамасында Өскемен-Риддер автожолының 3-шақырымында Глубокое ауданы Опытное поле ауылының бұрылысында Nissan Note және Toyota Land Cruiser автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал әртүрлі дене жарақаттары бар екінші жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 -бабы 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың қорытындылары бойынша процестік шешім қабылданатын болады.