Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Еліміздің спортшылары енді ай сайын 300 мың теңгеден артық алатын болады

Бұған дейін спортшыларға ай сайын тек 76 мың теңгеден төленіп отыратын еді

Новости Казахстана / Еліміздің спортшылары енді ай сайын 300 мың теңгеден артық алатын болады

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің және Әлем чемпиондарының ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мөлшері өсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионадарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті, - делінген мекеменің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта. - Отандық спорт тарихында аталған төлем 24 АЕК-ті құрап (76 380 теңге), өзгеріссіз келген. Дегенмен, биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігінің үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-ке дейін (318 000 теңге) өсті.

Бұл спортшыларға үлкен қолдау болатыны анық. Бұл өзгерістер тек спортшыларды ғана емес, олардың бапкерлеріне де қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионадарын тәрбиелеген бапкерлері де өмір бойы алатын ай сайынғы қамсыздандыруға құжаттар тапсыра алады.

Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында көк байрағымызды көтеріп жүрген спортшыларымыздың ай сайынғы материалдық қамсыздандыру енді 4 есеге өседі деген жаңалықты естіп, қуанып жатырмыз. Бұл шешімі табылмай келе жатқан мәселелердің бірі еді. Енді жас спортшыларымызға бұл үлкен жігер береді. Бапкерлерге де үлкен қолдау, - деп атап өтті бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов.

Атап өту керек, аталған төлемді алу үшін спортшылар мен бапкерлердің спорт саласында жиырма жылдық еңбек өтілі болуы тиіс.



Следующая →