Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүлікті кепілден шығару үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы blockchain технологиясын енгізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Мүлікті кепілден шығару үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ

Яғни, жылжымайтын мүлкі кепілде тұрған азаматтар кепілден онлайн да шығара алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бірақ бұл тек Halyk Bank клиенттеріне арналған қызмет.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank–пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" МК ШҚОФ баспасөз қызметі. - Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүлікті кепілден алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясы арқылы жүзеге асырылады.

Мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді Halyk Homebank мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді. Бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі ШҚО тұрғындары арасында сұранысы көп қызметтердің бірі екен. Мәселен, 9 ай ішінде облыс бойынша 2940 мүлік кепілден алынып тасталған.

Осы орайда еске сала кетейік, мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, жүргізуші куәлігін алу, ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

Следующая →