Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл терроризм туралы 4 хабарлама түскен

Бұл төрт хабарлама да жалған ақпарат болып шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл терроризм туралы 4 хабарлама түскен

"Әзілқойлардың" бірі орынсыз қалжыңы үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ағымдағы жылы ШҚО-да терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеу тіркелді, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі. - 1 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Өскемен қаласының "Аружан" сауда үйінде салынған жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған облыс орталығының тұрғыны осылайша "әзілдемекші" болған, нәтижесінде ол 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Қалған қылмыстық істер бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілді.

Бұдан өзге ШҚО-да әлеуметтік желі арқылы жалған жала жауып, өтірік ақпарат таратқан адам жауапқа тартылғанын еске салады.

"Instagram" желісінде облыс кәсіпорындарының бірінің қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 374-бабы бойынша сот үкімімен 2 жылға бас бостандығын шектеу бойынша сотталған азамат С есімді азаматқа қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылық шақыруларға берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.



Следующая →