Қазақстанға Украинада оқитын 20 мыңнан астам студент ауысқысы келеді
Украинада білім алып жатқан 23 мың Пәкістан мен Үндістан студенті Қазақстанға ауысуға ниетті
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір 23 мың Үндістан мен Пәкістан студенті есігімізді қағып жатыр. Олар Украинаның медициналық университеттерінде білім алған студенттер және қазір белгілі себептермен онда оқи алмайды. Қазір біз не істей алатынымызды ойлап жатырмыз, - деді Саясат Нұрбек.
Мұндай мәлімдемелер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түседі екен. Сонымен қатар, сол медициналық университет профессорлары Қазақстанда сабақ беруге ниет білдірген.
Біз академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек, осындай өсіп келе жатқан мөлшерді қабылдап, өңдей аламыз ба? Бұл қысым күшейе түседі, - деп қосты министр.
Ғылым және жоғары білім министрі тығырықтан шығу жолын университет ғимараттарын кеңейтуден ғана емес, цифрлық университеттерден де көретінін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленіп жатыр.