Өскемендіктерге прокурорлар құқықтық көмек көрсетпек

Өскемен қаласының прокуратурасы "Заң керуені" акциясы аясында халыққа көмектеседі

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктерге прокурорлар құқықтық көмек көрсетпек

Акция 29 қазан мен 8 қараша аралығына жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Акция сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін сауда орталықтарында, мектептерде, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ филиалдарында, қала вокзалдарында азаматтарды көшпелі аралау және қабылдау нысанында өткізілетін болады, - делінген қалалық прокуратура таратқан ақпаратта.

Акцияның мақсаты - халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру.

Науқан өткізілетін орындар туралы толық ақпаратты 8(7232)75-48-48 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Следующая →