Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 190 млн теңгеге салынған 40-там астам үй қаңырап тұр

22-шағын аудандағы бюджет есебінен салынған бұл үйлердің бүгінде түгі қалмай тоналған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 190 млн теңгеге салынған 40-там астам үй қаңырап тұр

Өзі дұрыс салынбаған бұл үйлердің құрылыс материалдары тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен. Өскемен қаласының әкімдігі осы үйлерге қатысты мәселе жақын күндері шешім табатындығын жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қаланың іргесіндегі 22-ші шағын ауданда осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын мемлекеттік бағдарламамен 113 үй салынған. 1 және 2-қабатты үйлерді ипотекакалық несие арқылы мұғалім, дәрігер және полицейлерге берген. Ал 40-тан астам үй бос тұр. Себебі баспана сапасы бағасына сай болмаған.

2008-2010 жылдары Өскемен қаласындағы жаңа шағын аудандардың бірінде ипотекаға берілетін бірнеше үй бой көтерген. Бірақ тендерді ұтып алған компания құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай тастап кеткен.

Мердігер жұмысты аяғына дейін бітірмей тастап кеткен. Арада бірнеше сот отырысы өтті. Мемлекетке 136 млн теңге шығын келген, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында.

Мемлекетік бағдарламамен бой көтерген бұл үйлерді салған «Кировский РМЗ» құрылыс компаниясы мен әкімдік арасында 190 млн теңгеге келісім жасалған екен. Алдын ала 120 млн теңгесі компанияға төленіп қойған. Мердігер шартты бұзғандықтан әкімдік сотқа жүгінген.

Сот 2012 жылы өткен екен. Судья компания жұмысын 100 млн теңгеге бағалап, қалған 20 млн теңгені үкіметке қайтаруын міндеттеген.

Ал қазір бұл үйлердің әбден тозығы жетіп, жан-жағын арам шөп басып, қаңырап тұр. Тіпті, бұл үйлер бүгінде қаңғыбастардың баспанасына айналып кеткен. Жергілікті тұрғындарды да осы алаңдатады. Қаз-қатар салынған үйлерге қалың шөптің арасынан жол тауып барудың өзі мұң.

Көбінің шатыры, қабырғасы жоқ, қаңқасы ғана арсиып тұр. Бөлінген қаржы да, салынған құрылыстың материалдары да ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кеткені көзге анық көрінеді. Әбден тоналған.

Үйдің сапасы дұрыс болмады ма, ешкім көшіп келмеді. Кейін тозып, тіпті тұруға жарамады. Көбісі өздері үй салып алып жатыр. Ана үйлер тұруға жарамайды. Қабырғалары өте жұқа, біздің жақтың қысына келмейді. Жазда ғана тұруға болады. Қазір ағаш материалдарын елдер тасып әкетіп жатыр. Енді бір-екі жылда орны ғана қалатын сияқты, – дейді қала тұрғыны Ерлан Аманжол.

Бұл үйлердің қабырғалары пенопластан тұрғызылған. Ортасына жылу сақтайтын жұмсақ материалдар қолданған. Тек іргетасын ғана цементтен салған.

Тұрғындар болса, бос тұрған үйлерді қайта жөндеп, баспанасы жоқ адамдарға берсе дейді.

Қазір бұл үйлердің алқам-салқамы шығып, тозып тұр. Әу баста сапалы салу керек еді. Қыруар қаржы желге ұшты. Қаншама адамдар үйсіз-күйсіз жүр. Қайта жөндеп, соларға берсе дұрыс болар еді, – дейді қала тұрғыны Мұратбек Асылғазин.

Қалалық ішкі саясат бөлімі мәлімдегендей, бұл 43 үй "Ертіс" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының" балансына өткізілген. Бұл үйлердің тағдырын енді осы ұйым шешеді екен. Жарамды-жарамсыз үйлерге талдау жасалып, бұзылатыны бұзылып, жөнделетіні жөнделеді.


Следующая →