Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Республика күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді

Биыл Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Республика күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді

Осылайша, мереке аясында Шығыс Қазақстанда 500-ден астам түрлі іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Мекеева айтып өтті.

Республика күнін мерекелеу құрметіне облыста салтанатты және мерекелік іс-шаралар жоспарлары қалыптастырылды. Мәселен, Шығысқазақстандықтар бүкіл ел тұрғындарымен бірге "Қыран елім-Қазақстан!" жалпыхалықтық патриоттық акциясына қатысады, оның аясында Мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, сондай-ақ Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру іс-шаралары болады, - деді Жанат Мекеева.

Айта кету керек, биыл Шығыс Қазақстан облысында Достық үйінің құрылғанына 30 жыл толады. Ағымдағы жылғы 21 қазанда облыс басшылығының, Парламент депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этникалық келісім - Қазақстан тұрақтылығының негізі» ХХVIII сессиясы өтпек. 25 қазан - Республика күніне қарай аймақта бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарлануда. Глубокое, Тарбағатай, Ұлан аудандарында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға пәтерлер мен үйлердің кілттері табысталмақ.

Барлық қалалар мен аудандарда мерекелік, жаппай іс-шаралар, жәрмеңкелер өтеді.

Следующая →