Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +31°
$
519.29
-0.35
613.28
+4.05
¥
72.51
-0.02
6.62
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағандар айыппұл арқалайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағандар айыппұл арқалайды

Транзиттік көлік, коммуналдық қызметтер, жатақханалар мен құрылыстар: «Заңсыз келуші» операциясы кезінде бұл нысандардың барлығы полицейлердің бақылауында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ЖПІШ шеңберінде тәртіп сақшылары уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың шетелдік қонақтар туралы хабарламаларының болуын тексерді.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шарасының бір аптасында полицияға хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын 100-ден астам шығысқазақстандық жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай ауданының кәсіпкері болды.

Алтай ауданындағы ЖШС басшысы аудан аумағына ағымдағы жылы қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламаған. ЖШС-ге қатысты полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 70 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі қабылданатын жеке және заңды тұлғалардың 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктердің келуі туралы хабарлау қажет екенін ескертеді. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

Следующая →