Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі руханият ордасында кітапханашылар бас қосты

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада Халықаралық мектеп кітапханашыларының айлығы аясында мектеп кітапханашылары "Жаңа Қазақстандағы заманауи кітапхана" атты ақпаратык күнін өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі руханият ордасында кітапханашылар бас қосты
Фото:
О. Бөкей ат. кіапханадан

Кітапханашылар алдымен Алтайдың «Кербұғысы» атанған жазушы Оралхан Бөкейдің әдеби залына аяқ басты. Ондағы жазушының қолжазбалары мен суреттері келушілерді таң қалдырмай қоймады. Осы орайда әріптестеріне bokey.kz электронды кітапханасын таныстырды. Мұнда олар жазушының өмірі мен естеліктері туралы мәліметтерді көрді.

Биыл Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толып отыр. Кітапханашылар жазушының «Абай жолы» романы негізінде ашылған кітап көрмесін тамашалады. Тіпті кейбірі қабырғадағы QR кодды арқылы Әуезов әлеміне саяхат жасап кетті.

Үлкен залдағы «Әдеби дастарқан» алты бөлімнен құралған. «Дархан даланың тарлан тарихы» атты көрмеге қазақ тарихы, хандығы, батырлары және Алаш заманындағы қазақ зиялылары туралы жазылған кітаптар қойылды. Әр дәуірдің тарихынан сыр шертетін құнды кітаптар келушілерді таң қалдырды.

Қонақтар тек кітап көрмесін ғана емес, қазақ қолөнерінің ерекше түрі - оюларды да тамашалады. Кітап сөрелерінің бетіндегі қошқар мүйізді оюлар еріксіз көз тартады. Әріптестеріміз әсерленгендіктерінен кітапханамызды «ұлттық нақыштағы ұлттық кітапхана» деп те атап жатты.

Шығармашыл адамдар қашан да бір-бірінен шабыттанып, ізденісте жүретіні заңдылық. Кітапханашылар кітапханамызда орналасқан Болат Исиннің туындыларын тамашалады. Суретші Оралхан Бөкейдің шығармаларындағы кейіпкерлерді кенеп бетіне түсірген. Бір сөзбен айтқанда, Оралханның ойларын суретпен жеткізген, - дейді кітапхана қызметкері Таңнұр Башай.

Кітапханашылар балалар бөлімімен де танысты. Нақты айтсақ, мульт студиямен сенсорлы үстелге қызығушылық танытты.

Кітапхана жаңа технологиямен жабдықталыпты. Өзімізге көптеген идеялар алып, тәжірибе жинауымызға үлкен мүмкіндік болды. Мектеп кітапханаларында көптен бері мұндай жаңалықтар кемшіл болды. Бәріміз бір салада қызмет істеп жүргендіктен бізде де осындай жаңа дүниелердің болғанын қалаймыз. Меніңше кітапхана осындай толық болуы керек, - дейді қаламыздағы №47 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Гүлнар Альтенова.

Кітапханашылар кітап ордасындағы VR киіз үйі және қалдық заттарды қайта қолданысқа шығаратын аппараттармен танысты. Осы орайда кейбір мектеп кітапханашылар мектептегі кітапхана мен Оралхан Бөкей кітапханасының айырмашылығы жайлы аз-кем тоқталды.

Бұл кітапхана мектептің кітапханасымен салыстырғанда айырмашылығы өте үлкен. Кітапхана толықтай жаңа технологиямен жабдықталыпты. Балалардың қосымша білім алуына барынша жағдай жасалыпты. Әртүрлі тіл үйірмелерімен таныстық. Өкінішке қарай, мектеп кітапханаларында тек кітаптар ғана бар. Оның өзі ескі кітаптар. Оған оқушылар қызықпайды. «Жастар елдің болашағы» деп айтқанымызбен біз сол жас буынның болашағына сай жағдай жасауымыз керек, - дейді кітапханашы Жұлдызай Маратбекова.

Айта кетейік, бүгінгі шараның басты мақсаты - өзге әріптестермен тәжірибе алмасып, ой бөлісу. Кездесу соңында кітапханамыздың директоры Хабиба Мырзаханқызы жалпы кітапханашылардың ортақ мәселелері және кітапханаларды заман талабына сай жабдықтау туралы ойларымен бөлісті. Жастарды кітап оқуға қалай баулы керектігі туралы кітапханашылармен еркін сұхбат құрды.

Следующая →