Oskemenbus қосымшасында қоғамдық көлік қызметіне шағым қалдыруға болады
Өскемен қаласының тұрғындарына арналған Oskemenbus қосымшасы жаңартылып, кері байланыс орнату мүмкіндігі пайда болды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Oskemenbus қосымшасында қоғамдық көлік қызметіне шағым қалдыруға болады Усть-Каменогорск и ВКО / Oskemenbus қосымшасында қоғамдық көлік қызметіне шағым қалдыруға болады](/upload/iblock/736/cnh2cihb11oxy58eqilu3fs6960o3egb/9I3V3907.jpg)
Яғни, жолаушылар қоғамдық көлік қызметіне шағымы немесе ескертулері болса, осы функция арқасында "Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" ЖШС-на жүгіне алады.
Ол үшін қолданбаның негізгі мәзіріне өтіп, "Мәселе туралы хабарлау" бөлімін таңдау керек. Әрі қарай мәселенің түрін таңдап, өтінішіңізді сипаттауыңыз керек. Сондай-ақ, өтінішпен бірге, фотосуреттерді де қоса жібере аласыз. Жауап Сіз көрсеткен электрондық поштаға келеді.
Мобильді қосымша тұрақты жұмыс істей бастады: әзірлеушілер өнімділік пен жұмыс жылдамдығын жақсартты, кішігірім қателерді түзетіп, мәліметтер базасынан ақпаратты жүктеуді оңтайландырды. Қала тұрғындарының сұраныстарына сүйене отырып, мобильді қосымшаны одан әрі жақсартатын боламыз, - деді "Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" ЖШС директоры Нұрсұлтан Карибеков.
Oskemenbus мобильді қосымшасы - Өскеменде 2020 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан электрондық билеттеу жүйесінің бөлігі. Осы уақыт ішінде қосымшаны қаланың 100 мыңнан астам тұрғыны жүктеді.