Өскемендегі тасымалдаушылар тағы да 33 автобус сатып алады
Өткен жылдан бері облыс орталығына 52 жаңа қоғамдық көлік сатып алынған
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі тасымалдаушылар тағы да 33 автобус сатып алады Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі тасымалдаушылар тағы да 33 автобус сатып алады](/upload/iblock/5b1/fzzku2avhrtsliwkqjutfanaf6v0mmvp/9I3V0391.jpg)
Қала билігі тасымалдаушылар жыл соңына дейін тағы да автобустарды жаңартатынын жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы, 2021 жылдан бастап 52 автобус сатып алынды. Сатып алынған автобустар келесі бағытта жүреді: «VoSka» ЖШС (№ 12, 17, 33, 42) – 13 автобус, Кривошеев ЖК (Наурыз № 262) - 2, «Марат-М» ЖШС (№ 7, 26, 32, 38, 47) – 36, №13 - 1 автобус, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі. - Сондай-ақ тасымалдаушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 33 дана автобус сатып алуға шарт жасасты.
Ол тасымалдаушылар «Марат-М» ЖШС - 9, «VoSka» ЖШС - 10, «РОСТ» ЖШС - 10, «Өскемен қаласының Көлік Компаниясы» ЖШС – 4 трамвай.
Бүгінгі таңда қалалық маршруттардағы көліктердің 50%-ының пайдалану мерзімі 10 жылға дейін болға, қалған жартысы 10 жылдан 30 жылға дейін ескірген.
Келесі 2023 жылы тасымалдаушылар «VoSka» ЖШС - 20, «РОСТ» ЖШС - 20, «Марат – М» ЖШС - 30, «Вебас» ЖШС - 2, «Бақытжол» ЖШС - 2 автобус сатып алуды жоспарлап отыр, - деді әкімдіктегілер.