Өскемендегі тасымалдаушылар тағы да 33 автобус сатып алады
Өткен жылдан бері облыс орталығына 52 жаңа қоғамдық көлік сатып алынған
Қала билігі тасымалдаушылар жыл соңына дейін тағы да автобустарды жаңартатынын жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жалпы, 2021 жылдан бастап 52 автобус сатып алынды. Сатып алынған автобустар келесі бағытта жүреді: «VoSka» ЖШС (№ 12, 17, 33, 42) – 13 автобус, Кривошеев ЖК (Наурыз № 262) - 2, «Марат-М» ЖШС (№ 7, 26, 32, 38, 47) – 36, №13 - 1 автобус, - деп мәлімдеді Өскемен қаласының әкімдігі. - Сондай-ақ тасымалдаушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 33 дана автобус сатып алуға шарт жасасты.
Ол тасымалдаушылар «Марат-М» ЖШС - 9, «VoSka» ЖШС - 10, «РОСТ» ЖШС - 10, «Өскемен қаласының Көлік Компаниясы» ЖШС – 4 трамвай.
Бүгінгі таңда қалалық маршруттардағы көліктердің 50%-ының пайдалану мерзімі 10 жылға дейін болға, қалған жартысы 10 жылдан 30 жылға дейін ескірген.
Келесі 2023 жылы тасымалдаушылар «VoSka» ЖШС - 20, «РОСТ» ЖШС - 20, «Марат – М» ЖШС - 30, «Вебас» ЖШС - 2, «Бақытжол» ЖШС - 2 автобус сатып алуды жоспарлап отыр, - деді әкімдіктегілер.