Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеше ШҚО-ның Өскемен қаласы мен бірнеше ауданында өрт шықты

Өрт сөндірушілер түнімен тілсіз жаумен арпалысып шықты. Кей жерлерде жалын әлі ауыздықталған жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / Кеше ШҚО-ның Өскемен қаласы мен бірнеше ауданында өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

ШҚО ТЖД мамандары облыс бойынша бір тәулік ішінде 57 рет шақыртуға шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жан-жақтағы жалынмен күрес жұмыстарына барлыңы 120 бірлік техника мен 700-ге жуық адам жұмылдырылған.

Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскемен қаласында үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде өрттер тежелді. Бұл ретте Ұлан ауданының Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, Алтай ауданындағы Серебрянск қаласында және Өскемен қаласында Машина жасаушылар көшесінде (Согра ауданы) өрттер толық сөндірілді, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ал Күршім ауданында Пугачев орманшылығы мен Маралды ауылдық округінің аумағында Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жердегі өртпен күрес әлі де жалғасып жатыр. Аумағы анықталуда.

Алдын ала болжам бойынша, өңірдегі 2000 гектардан астам аумақты өрт шарпыған.

ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа райынан, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған. Өртті сөндіру жағдайын екпіні 20 м/с дейін қатты соққан жел қиындатты.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт