Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік дәрігерлер жатырдан тыс жүктілікті қалай емдейді?

Өскемендік дәрігерлер МӘМС шеңберінде жатырдан тыс жүктілік кезінде ағзаларға зақым келтірмейтін оталар жасай бастаған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік дәрігерлер жатырдан тыс жүктілікті қалай емдейді?
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

Облыстық аурухананың гинекология бөлімшесіне өте сирек патология – жатыр мойны жүктілігімен екі әйел бір мезгілде түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп. Бұл өте сирек, 9000-12000 жүктілік жағдайында бір рет кездесетін аномалия.

Жатырдан тыс жүктілікті сақтау және бала көтеру қауіпті. Бұл плацентаның бөлінуіне, сондай-ақ көп қан кетуге соқтыруы мүмкін.

Нақты диагноз қойылғаннан кейін екі пациентке де жүктілікті мүмкіндігінше ертерек үзу қажет болды. Бірақ жатырға енген эмбрионды әдеттегі жолмен алып тастаса, сөзсіз өте көп қан кетер еді.

Гинекология бөлімінің меңгерушісі Наталья Удалованың айтуынша, соңғы уақытқа дейін мұндай патологияны емдеудің жалғыз әдісі - жатырды алып тастау болды. Бірақ бірнеше жылдан бері облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінде дәрігерлер екі кезеңнен тұратын ағзаны сақтайтын ем-дом жүргізіп келеді.

Алдымен екі әйелге де жатыр мойны мен эмбрионды қоректендіретін жатыр артерияларының эмболизациясын жүргізді, бұл осы аймақтағы қан ағымын азайтуға мүмкіндік берді. Отадан кейінгі үшінші күні мамандар енді дамып келе жатқан ұрық жұмыртқасын алып тастады. Бұл әдісті қолдану жаппай қан кету қаупін жойды және екі әйелдің де жатырын сақтап қалды. Демек, екі науқас та болашақта жүкті болып, дені сау сәбилерді көтере алады деген үміт бар, - деді гинекология бөлімшесінің дәрігері Талғат Ошаев.


Айта кетейік, МӘМС аясында осындай бір операция мен ары қарай емделуіне шамамен 1 млн теңге жұмсалады.

Жоғары технологиялы медициналық көмек және оның жекелеген түрлері МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесіне кіреді.

Следующая →