Резеңке таяқ та суық қаруға жатады
Көлігінде резеңке таяқ сақтап жүрген ШҚО азаматына қатысты тергеу басталды
ШҚО тұрғынынан суық қару тәркіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Глубокое ауданының 55 жастағы тұрғыны суық қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат алған, - деп хабарлайды ШҚО ПД. - Келіп түскен сигналды тексеру барысында Глубокое АПБ қызметкерлерімен бірлесіп ер адамға тиесілі Honda автокөлігін тінту кезінде резеңке таяқша табылған және тәркіленген. Жүргізілген сараптама соғып-талқандайтын суық қару екенін көрсетті.
Азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.