Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да МӘМС жүйесіне кірмеген 133 мыңнан астам адам бар

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бері МӘМС жүйесі жаңа механизм бойынша жұмыс жасауда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да МӘМС жүйесіне кірмеген 133 мыңнан астам адам бар
Фото:
редакция мұрағатынан

Енді сақтандыру мәртебесін алдағы 12 ай үшін алдын ала жарна төлеп алуға болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ӘМСҚ ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

МӘМС жүйесіне кірмеген адамдарды сақтандыру үшін ауықымды шаралар атқарылуда. Осыған байланысты осы жылдың шілде айында МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы тәсілін көздейтін "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға өзгерістер енгізілді. Жаңа механизм қыркүйектің 5-нен бастап іске қосылды, - деді Қор филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев.

Егер бұрын сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен 12 ай үшін жарна төлеу қажет болды және осы кезеңде төлемдер жасалмаса, берешек пайда болатын. Енді алдағы 12 ай үшін жарналарды төлеп, сақтандыру мәртебесін алуға болады. Бұл Медициналық сақтандыру есебінен жыл бойы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Қыдырбаев халықты МӘМС жүйесіне тарту үшін ведомствоаралық жұмыстың маңыздылығын да атап өтті.

Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандарды оған қатысушы болуға шақырамын. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Мысалы, Медициналық сақтандыруға жылына 36 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдарды төлейтін дербес төлеушілер медициналық көмектің кең спектріне қол жеткізе алады, - деді ол.


Следующая →