Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

Қазіргі уақытта елімізге көршілес мемлекеттен жаппай қоныс аудару фактілері жиілеп кеткендіктен осы сұрақ көптің көкейінде

Новости Казахстана / ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?

Шет елден келгендер ЖСН алыпты дегенді естісе, көбі азаматтық берілді деп ойлайды. Екеуінің ара-жігін ажыратайық... Бұл айырмашылықты Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары түсіндірді.

Бізге "ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай?" деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі - ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы, - деп хабарлады ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі. - Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ды кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу - екеуі екі бөлек дүние.

Ал Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар; сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алады.

Следующая →