Демалыс күндері ШҚО-да 10 өрт оқиғасы тіркелген
Өрттің жетеуі пеш жағу барысында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан орын алған
Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
01 қазанда Шемонаиха қаласындағы Қазақстан көшесіндегі көлікжайлардың бірінің ішіндегі жеке заттар жанып кетті, өрт аумағы - 5 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша – отпен жұмыс барысындағы абайсыздық себеп болған.
Сол күні Өскемен қаласында Абай даңғылынан хабарлама келіп түсті. Бұл жерге ШҚО ТЖД қызметкерлері дереу келіп жетті. Барлау жұмыстарын жүргізе отырып, өрт сөндірушілер кәуап жасауға арналған екі ғимараттың ағаш конструкциялары жанып жатқанын анықтады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Өртті сөндіруге барлығы 4 бірлік техника мен жеке құрамның 18 адамы жұмылдырылды.
Ұлан ауданы Каменка ауылында шаруа қожалығының аумағында жеке тұрған бокста шатыр жабынының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт сөндірушілер 150 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Өрт себебі бойынша жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау нұсқасы пысықталуда.
02 қазанда Өскемен қаласы аумағындағы "Светоч" саяжай қоғамының Цветочная көшесі, жеке тұрғын үйдің ауласында монша төбесінің ағаш конструкциялары бықсыған, өрт шыққан жоқ.
Одан өзге, Назарбаев даңғылы бойында көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында уақытша тұрақта тұрған "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автомобильдің мотор бөлігінің, алдыңғы оң, сол қанатының, сол жақ алдыңғы шинасының бөлшектері жанып кетті, өрттің себебі анықталуда.
Ал Серебрянск қаласында 2 ш. м. алаңдағы ашық аумақта құрғақ шөп өртенді, Өрт сонымен қатар 4 ш.м. қоршаудың ағаш конструкцияларына, қаптамаға, жеке тұрғын үйдің төбесіне жайылды. Өрт сөндірушілер 13 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Өрттің себебі - пешті жылыту кезінде (күлді кәдеге жарату кезінде) ӨҚЕС.
Келесі күні Меновное ауылындағы саяжайларда да шатырдың ағаш құрылымдары өртке оранған. Дәл осындай жағдай "Эдельвейс" саяжайының аумағында қыста тұруға арналған үйде де орын алды. Автогаражная көшесінде жеке тұрғын үйде де өрт шықты.
Ал бұл күні таңғы сағат 05 шамасында Герасимовка ауылында Гутов көшесінің бойында жеке тұрғын үйде шатырдың, кіреберіс топтың ағаш конструкциялары, сондай-ақ шаруашылық ғимараты өртенді. Өрт сөндірушілер 98 ш.м. алаңда өртті сөндірді. Өрттің алдын - ала себебі-электр сымдарын орнату кезінде ӨҚЕС.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында 241 128 тұрғынды қамтитын 151 000-нан астам үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелеріне нұсқау берді. Инспекторлар 9446 бұзушылықты анықтады: оның 4742-сі пештерді пайдалану кезінде, 3253 - і электр жабдықтарымен байланысты және 1451-і басқа да бұзушылықтар, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Василий Ермалкович.