ҚР-дағы қай министр көп тіл біледі?
Ғылым және жоғары білім министрі көш бастап тұрса, орыс тілінде ғана сөйлейтін ҚР ТЖМ басшысы бұл тізімнің соңында тұр
Қазақстан Респбуликасында 19 министрлік бар. Осы министрлік басшыларының тіл меңгеру деңгейі қандай? Ranking.kz сайты Қазақстан министрлерінің рейтингін жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат жеті тіл біледі - қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бес тілден біледі. Төрт тіл білетіндер қатарында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бар.
Ал ТЖМ министрі Юрий Ильиннен басқа министрлердің барлығы қазақ және орыс тілдерінен өзге ағылшын тілін меңгерген.
Сонымен, 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі екен. Жалпы елімізде ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен.
Айта кетейік, EF EPI 2021 жылғы рейтингінде 112 елдің ішінде Қазақтан 96-орында тұрған. Яғни, бұл өте төмен деңгей.