ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды
Ертең ШҚО-да тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 30 қыркүйекте облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
ТЖД мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауды ұсынады.
Мұндай метеожағдайлар кезінде ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының әлсіз нығайтылған элементтерінің құлауы, автокөлік қозғалысының қиындауы, көрінудің нашарлауы, тайғақ жол жабынының пайда болуы қауіптің негізгі факторлары болып табылады, - деп ескертеді ШҚО ТЖД. - Халыққа, әсіресе жолдарда, сақтық шараларын сақтау қажет.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады. Ал ТЖ туындаған жағдайда "112" қоңырау шалу қажет.