Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өз ауласында қарасора өсіріп, марихуана сақтаған өскемендікті ұстады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен тұрғыны жылыжайда қарасора өсірген

"Қарасора-2022" жедел профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі затын өсірген және сақтаған деген күдікпен 44 жастағы ер адамды анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

Тәртіп сақшылары ұсталған адамның тұрғылықты тұратын жеріне тінту жүргізу кезінде ауладағы жылыжайдан өсімдік тектес спецификалық иісі бар жасыл түсті зат салынған қорап пен сөмкені тапқан. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері аталған ер адам жылыжайда өсірген екі үлкен қарасора бұтасын тәркілеген.

ШҚО ПД ақпараты бойынша, сараптама қорытындысына сәйкес, сөмке мен қораптағы зат "кептірілген марихуана" болып табылады, оның салмағы 490 грамды құраған.

Үй иесі жеке пайдалану үшін марихуана мен қарасораны өсіргенін және сақтағанын айтқан. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-ның 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Следующая →