Өскемендегі үйлерге ертеңнен бастап жылу беріле бастайды
Қалада жылыту маусымы 29 қыркүйек - 2 қазан аралығында басталады

Метеорологиялық деректер мен ауа температурасы төмендеуі мүмкін деген болжамды ескере отырып, Өскемен қаласында жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты Өскемен қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Осы төрт күн ішінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылған нысандарға, оның ішінде Жаңа Согра, Радужный кенттері мен Солнечный ауылындағы нысандарға жылу кезең-кезеңімен беріледі, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысына қатысты барлық сұрақтарды "Өскемен жылу жүйелері" АҚ мамандарына @ukts_info парақшасы арқылы жолдай аласыздар.
Үйішілік жылу жүйесін іске қосу бойынша сұрақтарды жылу шаруашылығына жауапты мекемелерге (ҚС, МИБ, ПИК және т.б.) қоюға болады.