Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 29 азаматты улы газдан дабылқаққыш құтқарып қалды

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, уланудың ең көп саны пештерді пайдалану кезінде қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 29 азаматты улы газдан дабылқаққыш құтқарып қалды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Аймақта зардап шеккен тоғыз адамның алтауы пештердегі ыстың себебінен, екеуі тазаланбаған түтіндіктен және біреуі тартылыстың болмауы салдарынан шыққан газдан уланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оқиғаның барлығы тұрғындар ұйықтап жатқан кезде орын алған. Сондықтан улы газ дабылқаққыштарын қолдану қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. ШҚО ТЖД соңғы үш жылда үйлерге орнатылған сигнализаторлар 29 азаматтың, оның ішінде 23 баланың өмірін сақтап қалуға көмектескенін атап өтті.

Мәселен, биыл Глубокое ауданының Белоусовка ауылында үйде өрт басталды. Үй иесі сол уақытта бақшада жүрген. Ал үйде алты баласы ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, құтқарушылар бұл үйге бұрын дабылқаққыш орнатып кеткен екен. Датчиктің дыбысын естіген 3 бала оянып, тағы үшеуін анасы уақытында оятып, жанып жатқан үйден алып шыққан.

Сол күні дәл осы хабарлағыш біздің отбасымызды құтқарды. Ол дер кезінде дабыл соғып, біз жанып жатқан үй ішінен уақтылы шығып үлгердік. Барлығы аман, зардап шеккен жоқ, - деп еске алады көпбалалы ана Наталья Гутова.

Ұлан ауданы Таврия ауылында да екі жыл бұрын дәл осы датчиктер 5 баланы құтқарды. Үй көміртегі газына толған кезде дабыл шыққан. Осылайша үй ішіндегілер дереу сыртқа шығып үлгерді. Анықталғандай, қысты күні металл құбырда мұз қатып, түтіннің сыртқа шығуға кедергі келтірген. Осының салдарынан улы газ үй ішіне таралған.

ТЖ қызметі мамандарының жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен жұмысының арқасында жыл сайын мүгедектер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қарт азаматтар тұратын әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың үйіне дабылқаққыштарды орнатады. Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында біз Шығыс Қазақстан аумағында тұратын осындай 3000-нан астам отбасын хабарлағышпен қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Дабылқаққыш