Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласындағы сауда дүңгіршектерінің бірінде өрт шықты

Токтың қысқа тұйықталуы салдарынан сауда дүңгіршегі отқа орана жаздады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласындағы сауда дүңгіршектерінің бірінде өрт шықты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Өскемен қаласының "101" қызметіне Сағдат Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан дүңгіршектен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер түтін басқан үй-жайдағы электр сымдарынан тұтанып, 3 шаршы метр алаңға жайылған жалынды ауыздықтады.

Мамандар токтың қысқа тұйықталы салдарынан өрт шыққан деген нұсқаны қарастыруда, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Автоматты өрт дабылы уақытында іске қосылды. Зардап шеккендер жоқ. Дүкенде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан онда тауар болмаған. Өртті сөндіруге 3 бірлік техника және жеке құрамнан 12 адам тартылды.

ШҚО ТЖД нысандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Бұзушылықтарды уақытында жою және электр сымдарын уақтылы дұрыс күйге келтіру қажет. Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау керек.

Следующая →