Өскеменде аулада есірткі шегіп отырған азамат Сергекке түсіп қалды
Тәртіп сақшылары құқықбұзушыны бірден отырған жерінен қолға түсірді
Шығыс Қазақстан облысы орталығында полиция қызметкерлері есірткіні пайдаланған және сақтаған деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минутта оқиға орнына тәртіп сақшылары келген. Сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде қала тұрғыны каннабиноидтарды қолданудан туындаған масаң күйде болған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Полицейлер жас құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.