Құлынжон ауылында бірегей білім беру кешені ашылды
Самар ауданының Құлынжон ауылындағы мектеп-балабақша кешені YBYRAI атындағы мектеп болып ашылды
YBYRAI MEKTEBI Финляндияның, Сингапурдың озық тәжірибесіне негізделген Қазақстандағы тұңғыш ауыл мектебі болып табылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Пилоттық жоба негізінде білім ордасында балабақша, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп, сондай-ақ мәдениет үйі бар. Білім ордасы соңғы үлгідегі, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мектептің басқалардан ерекшелігі - сабаққа, үйірмелерге ата-аналар емін-еркін қатыса алады.
Ыбырай мектебі жанынан BI Group холдингінің басшысы Құлынжон ауылының тумасы Айдын Рахимбавтың демеушілігімен оқушыларға қосымша білім беретін комьюнити-орталық ашылды. Мұнда робот техникасы және 3D-модельдеу, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, театр және вокал үйірмелері, кинотеатр жұмыс істейді. Сондай-ақ, волейбол, баскетбол, шағын-футбол, күрес, шахмат, тоғызқұмалақ секциялары бар. Әр үйірмеге ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады. Бұл еліміздегі қанат қақты жоба деп айтуға толық негіз бар.
Ыбырай мектебінде 190 оқушы білім алады. Мектептің жанынан комьюнити-орталық ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Бүгінде біз мектепте ерекше жобаны енгізудеміз. Ұстаздар қауымы Мichigan state university тәлімдемеден өтті. Еліміздегі білікті ұстаздар Алматы, Астана қаласынан келіп еңбек етуде. Сингапурдың тәжірибесінде математика пәні оқытылады. Сонымен қатар, оқушылар мектепте үй тапсырмасын орындап үйлеріне бірақ қайтатын болады. Оқушылардың емін-еркін білім алуына барлық жағдай жасалған, - деді Ыбырай мектебінің директоры Аралбек Берікұлы.
Білім ордасы үлкен кешен іспеттес. Балабақша, мектеп, комьюнити-орталық қатар ораналасқан. Бұл мектеп енді Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйырығымен республикамыздағы эксперименталды мектеп болып табылады.
Жобаға ауыл тумасы, кәсіпкер салған инвестиция көлемі шамамен 2 миллион долларды құрады.