Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы аудан ауруханаларының жұмысына қаладағы білікті мамандар бақылау жасайды

ШҚО орталығын орталығының ірі денсаулық сақтау мекемелерінің тәжірибелі және беделді басшылары аудан ауруханаларына куратор ретінде тағайындалып, жұмыс кестесі мен ережелері бекітілді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы аудан ауруханаларының жұмысына қаладағы білікті мамандар бақылау жасайды
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан

Жобаны тиімді іске асыру, іс-қимылдарды үйлестіру және өңір тұрғындарының мүддесі үшін жедел шешімдер қабылдау мақсатында облыстық денсаулық сақтау басшысы Өскемендегі медициналық мекемелердің әрбір бас дәрігеріне аудандық ауруханаларды бекіту туралы шешім қабылдады, осылайша ауылдық медицинаға ерекше көңіл бөлінді.

Бүгінде кураторлар тұрақты түрде аудандарға шығып, өзекті мәселелерді сол жерлерде шешеді. Кураторлар жұмысының маңызды бөлігі ауылдағы әріптестеріне онкологиялық ауруларды емдеу, жіті инфаркт пен инсульт кезінде көмек көрсету, босандыру және балаларға медициналық қызмет көрсету кезінде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Мәселен, облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Райфы Сафиоллинова куратор ретінде Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарындағы аудандық ауруханаларға барды.

Катонқарағай аудандық ауруханасына барғанда Райфа Сафиоллинова ауруханаларды аралап, аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасына талдау жасады. Әсіресе қан айналымы жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар, туберкулез, ана мен бала аурулары бойынша, сондай-ақ қаржы-экономикалық қызмет бойынша сараптама жасалды.

Аурухана ұжымымен кездесу өтті, барлық ұжымның іс-қимылын үйлестіруді талап ететін негізгі мәселелер айтылды, аса өткір мәселелерді шешу жолдары ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі болады, оның мақсаты - ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек деңгейін арттыру, - деп атап өтті Райфа Сафиоллинова.

Зайсан ауданының медициналық нысандарының кураторы ретінде №1 емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова өз әсерлерімен бөлісті.

Менің куратор ретіндегі алғашқы кездесуім Зайсан аудандық орталық ауруханасында, Зайсан қаласының медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанында, Айнабұлақ, Сарытерек ауылдарында өтті. Әрине, бұл медициналық көмек көрсету, пациенттерге қолдау көрсету қызметінің жұмысын жақсарту, индикаторлар көрсеткіштерін жақсарту, медициналық ұйым базасында жоғары технологиялық медициналық қызметтерді арттыру бойынша қандай да бір проблемаларды шешудің бірлескен процесі. Аудандық аурухананы аралаған кезде перзентхана бөлімшесін жөндеу барысымен таныстым, медицтиналық нысан жақын арада босануға көмек көрсету бойынша екінші деңгейге өтуге дайындалуда, - дейді Айман Мырамытова.

Следующая →