Өскемен
пасмурно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
492.17
-2.78
522.39
-3.10
¥
68.27
-0.13
5
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің аялдамаларында электронды кітапханалар пайда болды

Енді қала тұрғындары өздерінің бағытындағы автобус келгенше уақыттарын текке өткізбей, кітап оқи тұра алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнің аялдамаларында электронды кітапханалар пайда болды
Фото:
О. Бөкей ат. кітапханадан

Аталған жобаны Өскемен қаласының әкімдігі мен Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана бірлесіп іске асырып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кітапханашылар тұрғындардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қаладағы аялдамаларға арнайы QR кодтар белгіледі. Осылайша жолаушылар QR код арқылы телефоннан кітап оқи алады.

Алдымен кітапхана жанындағы аялдамада Оралхан Бөкейдің шығармашылығына сілтейтін QR код белгіленген.

Біз қала әкімдігімен бірлесіп, қаламыздағы аялдамаларға ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің және елімізге еңбегі сіңген тұрғалардың шығармашылығын, еңбегін нәсихаттау мақсатында әр аялдамаға электронды кітапхана аштық. Тұрғындар көрнекілік тақтасында көрсетілген QR код арқылы кітап оқи алады. Сонымен бірге, автордың өзі туралы да толық ақпарат ала алады, - дейді Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

Оның айтуынша, электронды кітапхананың QR коды мен дизайнын кітапхана қызметкерлері жасапты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасын таппақ.

Мақсатымыз – қаламыздың тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру. Көп жағдайда адамдардың кітапханаға келуге уақыттары болмайды, сол үшін де осындай жобаны іске асырдық. Бұл әсіресе мектеп оқушыларына, жастарға тиімді. Уақыттарын үнемдей алады. Осы орайда айта кететіні, жоба тек кітап оқуға ғана емес, қазақтың салт-дәстүрімен де танысуға да мүмкіндік береді. Жоба аясында Өскемен әуежайындағы бірінші аялдамаға қаладағы мәдени ошақтардың картасын жасадық. Сол арқылы туристер іздегендерін адаспай тауып алады, - дейді Жанат Жиенбекова.

Енді аялдамада текке тұрмай, кітап оқып тұра аласыз. Тек телефоныңызды алып, QR-кодты сканерлесеңіз жеткілікті. Аталған жобаны қала тұрғындары да қолдап отыр.

Жұмыстан босамағандықтан кітапханаларға көп бармайтынымыз рас. Десе де, бұл жоба бізге өте тиімді болды. Осы жерден бір кітаптың электронды нұсқасын ашып алып, үйге жеткенше оқып барамын. Меніңше қаланың бүкіл аялдамаларына осындай кітапхана керек, - дейді қала тұрғыны Айман Жұмақанқызы.



Следующая →