"Яндекс. Такси" қызметіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Елімізде "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты бағаны қолдан көтерді деген айыппен тергеп-тексеру амалы жалғасып жатыр
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Биылғы 18 қаңтарда "Яндекс Такси" ЖШС-ның Қазақстанның бәсекелестікті қорғау заңын бұзуына қатысты тергеу басталды. Тексеру шарасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабының 5-тармағында тыйым салынған экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша жүріп жатыр, - делінген хабарламада.
Кодекстің 169-бабының 5-тармағына сәйкес нарық субъектілерінің әрекетін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің әрекеттерін келісу арқылы жүзеге асыратын сол тауар нарығында қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады.
Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1-3-тармақтарында көрсетілген салдарға әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
Алматы қалалық департаменттің хабарлауынша, 25 шілдеде Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 1-тармақшасында тыйым салынған монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша аталған ЖШС-ға тергеп-тексеру кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тоқтатылды.
Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес монополиялық нарық субъектісі белгілеген баға, тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы түрде нарықта бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан асып кетсе, монополиялық жоғары баға саналады.