Өскемен
малооблачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +32°
$
452.92
+2.13
484.99
+2.78
¥
62.42
+0.28
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да биыл жазда жеті адам суға батып көз жұмды

1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы ресми түрде аяқталды, құтқарушылар қорытынды жасады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да биыл жазда жеті адам суға батып көз жұмды
Фото:
редакция мұрағатынан

Жазғы кезеңде ШҚО ТЖД қызметкерлері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы суға батудан құтқарған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбековтың мәліметінше, жаз мезгілінде су айдындарында 7 азамат суға батып кеткен. Статистика көрсетіп отырғандай, оқиғалар көп жағдайда адамның өз кінәсінен, шамадан тыс өзіне деген сенімділіктің, өз күштерін асыра бағалаудың, судағы жүріс-тұрыс ережелерін ескермеудің, тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылудың, алкогольдік масаң күйде болудың нәтижесінде орын алған.

Суға батқандардың барлығы 18-46 жас аралығындағы ер адамдар, - дейді Руслан Орынбеков. - Оқиғалар негізінен демалыс күндері тіркелген. Жеті жағдайдың екеуі Ұлан ауданындағы көлдерде орын алды. Шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың көпшілік демалатын орындарында 189 бұзушылық анықталды: 364-бап "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 80 адам, 440-бап "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу" бойынша 75 азамат жауапқа тартылды. "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" 412-бабы бойынша 1 адам және "кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ құқығы жоқ адамдарды басқару" 582-бабы бойынша 33 адам жауапқа тартылды.


Следующая →