Өскеменде заңсыз алкоголь өндіретін цех табылды
Жедел іздестіру шаралары барысында алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан цехті анықтады
Өскемен қаласының тұрғыны алкоголь өнімдерін заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндірген, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнын қарау барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері, 3500 астам түрлі жапсырмалары бар бос бөтелкелер, 700 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді, - деп мәлімдеді ведомство.
Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды. Сот шешімімен заттай айғақтар жойылатын болады.