Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен қаласындағы өнер музейінде Шмидтің көрмесі өтеді

Көрмеге келушілерді авангард пластикасы тілімен көрсетілген құпиялар, символдық бейнелер және рухани жаңалықтар күтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен қаласындағы өнер музейінде Шмидтің көрмесі өтеді

Көрме 16-сынан 19 қазанға дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

16 қыркүйекте сағат 14.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Виктор Шмидттің (Семей қ.) жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда ШҚО өнер музейі мен автордың жеке коллекциясынан авангардтық супрематикалық және символдық кескіндемелер бар.

Айта кетейік, Виктор Шмидт Семей қаласының тумасы, Ф. Достоевский атындағы драма театрында қоюшы-суретші болып жұмыс істейді. Виктор Федорович Алматы, Өскемен, Семей, Елабуга қалаларындағы арт-жобалардың қатысушысы. Оның суреттері Новосибирск, Омбы, Новокузнецк қалаларында қойылды.

Біздің музейде ол өзінің жаңа туындыларын үнемі көрсетіп отырады, - дейді музейдің баспасөз қызметі. - 2007 жылы оның "Екі құпия" көрмесі дайындалды. 2016 жылы - "Өзіңізге қараңыз" экспозициясы ұсынылды. Автордың "Тылсым дүние" деп атаған жаңа көрмесі белгілі бір дәрежеде алдыңғы көрмелерді тақырыптық тұрғыда толықтырады.


Следующая →