Өскемен
Бұлтты
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Семей
    -19°
  • Алматы
    -13°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -9°
  • Түркістан
    -4°
  • Орал
    -5°
  • Шымкент
    -8°
$
491.59
-2.26
572.16
+0.38
¥
71.52
-0.01
6.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде дәрігерлер үшін көпқабатты үй салынбақ

ШҚО бойынша Өскемен, Риддер, Алтай қалаларында және Глубокое ауданында дәрігер жетіспейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде дәрігерлер үшін көпқабатты үй салынбақ
Фото:
редакция мұрағатынан

Өңір бойынша дәрігер тапшылығы әлі де сезілуде. ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соған орай жастарды осы салаға тарту үшін бірқатар жоба қолға алынуда. Оның бірі – ақ халаттыларды баспанамен қамтамасыз ету.

Облыста медицина кадрлары жетіспеушілігі бойынша мәселе бұрынғыдай өзекті. Әсіресе, Өскемен, Риддер, Алтай қалаларында және Глубокое ауданында дәрігер жетіспейді. Биыл медициналық оқу орындарының 91 түлегі Шығыс Қазақстандағы ауруханаларға жұмысқа тартылды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, осы жылы Өскеменде дәрігерлерге арналған көпқабатты үйдің құрылысы басталуы тиіс. Сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдері медицина қызметкерлеріне берілетін үйлердің жобаларын ұсынады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Өскемен Медицина