Өскемен тұрғыны түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған
ШҚО колониясына ұялы телефондар, қуаттағыштар, телефонға арналған гарнитура, 10 литрге жуық белгісіз сұйықтық, 4G WiFi роутерін өткізудің жолы кесілді
Фото:
Polisia.kz сайтынан
Түнгі уақытта колония қызметкерлері мекеменің негізгі қоршауы арқылы 9 оралған түйірді түрме аумағына лақтырмақ болған Өскемен қаласының 37 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған заттар табылып, тәркіленді. Тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.