Түнде Абай облысының бірнеше ауданында да өрт шыққан
Абай облысының Үржар, Абай, Жарма аудандарында, Курчатов қаласында және Ақбұлақ ауылдық округінде елді мекендерге жақын жерде құрғақ дала шөптері өртенді
Абай облысының полицейлері құтқарушыларға өртті сөндіруге көмек көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы минуттан бастап полицейлер құтқарушыларға өртті сөндіру және өрт аймағынан адамдарды эвакуациялау кезінде көмек көрсетуде.
Өрт орын алған аумаққа өтетін жол жоқ және таулы жердің күрделі рельефіне байланысты тілсіз жаумен күрес күрделене түскен.
Өрт ошақтары тіркелген аудандық полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды және тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет экипаждары қойылды, полиция қызметкерлері құтқару операцияларына жұмылдырылды, - деп атап өтті Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.