Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО аудандарында лаулаған өртті сөндіруге тікұшақтар жіберіледі

Кеше кешке облыстық әкімдікте өңірдегі өрттің қаупіне байланысты жедел штабтың отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО аудандарында лаулаған өртті сөндіруге тікұшақтар жіберіледі
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Кеше Алтай ауданындағы Сенное ауылына барған облыс әкімі Даниал Ахметов бүгін өртті әуеден сөндіру үшін қосымша тікұшақ жіберілетіндігін айтты. Мұндағы өрт сөндірушілердің жұмысын тау бедері мен екпінді жел қиындатуда.

Қазір бұл жерде 300-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Ортақ және бірлескен іс-шаралардың арқасында жайылым жерлерді өрттен арылттық, қазір егінге де, халыққа да қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Күршім ауданында өрт 1300 гектар аумаққа жайылды. Оны өшіруге 300-ге жуық адам, 34 техника және су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмыс істеуде. Тарханка мен Ұлан ауданында өртті ауыздықтау мүмкін болды, мұнда тәулік бойы кезекшілік қойылған.

Глубокое ауданындағы Каменный карьер ауылына келетін болсақ, 50 адамды эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, адамдар өз үйлерінде, ауылға өрт қауіп төндірмейді, - дейді өңір басшысы. - Өрт ошақтарын жоюға 500 адам, 50-ден астам техника жұмылдырылған. Өрттің жеті ошағын сөндіруге барлығы 1671 адам, 185 техника, 4 тікұшақ (екі МИ-8, МИ-2, Еурокоптер), АН-24 ұшағы жұмылдырылды. Ертең Қорғаныс министрлігінен тағы екі тікұшақ келеді. Жанармай құю орны жабдықталған. Күніне екі рет - таңертең және кешке жедел штабтың отырысы өтеді, онда ағымдағы жағдай туралы барлық ақпарат жиналады. Жалпы, жағдай бақылауда, халық үшін қауіп жоқ екенін тағы қайталаймын.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Өрт Тікұшақ