Өскеменде бірнеше ұрлыққа қатысы бар 9-сынып оқушысы анықталды
Өскемендік жасөспірім 800 мың теңгенің заттарын ұрлаған
Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығындағы балалар үйлерінің бірінің инспекторынан хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Өтініште белгісіз біреу балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісінің смартфонын шалбарының қалтасынан ұрлап кеткенін көрсеткен.
Сол күні полиция бөліміне 50 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, оның ұлы қылмыстық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам "уақытша пайдаланамын" деп оның кәмелетке толмаған ұлының велосипеді мен ұялы телефонын иемденген.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен орта мектептің 9-сынып оқушысын анықтады. Күдікті екі оқиғаға да қатысы барын мойындады. Алайда заттай дәлелдемелердің бір бөлігі ғана тәркіленді.
Жасөспірімнің арбауына тағы екі оқушы түсіп қалғаны анықталды. Олардан да "қоңырау шаламын" деген сылтаумен телефондарын тартып алған, - деп жазады Polisia.kz. - Қылмыстың біріне күдікті жігіт өзінің досымен барған екен. Қазіргі уақытта ол да полицейлердің қолына түсті.
Олардың әрекеттерінен жалпы шығын шамамен 770 000 теңгені құрады. Бүгінгі күні жасөспірімдер заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі және ҚР ҚК 190-бабы 1, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.