Ертең ШҚО-да 35-37 градусқа дейін ыстық болады
Бұл күні сағат 11-ден 17-ге дейін мүмкіндігінше далада жүруді шектеген жөн
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпаратына сәйкес күндіз 06 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Өскемен қаласында күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар халыққа сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11-ден 17-ге дейін. Көлеңкеде жиі болуға тырысып, көбірек сұйықтық ішу қажет. Алкогольдік сусындарды ішпеңіз, бұл дененің жалпы жағдайының нашарлауына әкеледі.
Егер сіз су жанында демалып жатсаңыз тек жабдықталған орындарда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз, - деп ескертеді ШҚО ТЖД мамандары. - Төтенше өрт қаупі сақталған аудандарда халыққа ашық отты қолдануда өте сақ болу қажет, үйлер мен нысандардың жанында от жағу және құрғақ шөп өртеу өте қауіпті. Далаға сөндірілмеген темекі мен шыны ыдысты тастау да өрт тудыруы мүмкін.
ТЖ туындаған жағдайда "112"қоңырау шалыңыз.