Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі шлагбаумдар шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді

Өскемендегі көпқабатты үйлердің аулаларындағы шлагбаумдар мен бетон бөгеттер өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерінің өтуіне кедергі келтіреді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі шлагбаумдар шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мамандары өрт сөндіру автокөлігімен арнайы рейд өткізді, бұл адамдарға қиын жағдайда көмектесу қажет болған кезде құтқарушыларға қаншалықты қиын екенін көрсету үшін қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру және басқа да арнайы техника мен жедел жәрдем жүруі үшін жол бос болуы тиіс. Тұрғындар орнатқан үй кедергілері, шлагбаумдар, плиталар оқиға болған жерге дер кезінде жетуге мүмкіндік бермейді. Шлагбаумдарды ашқызып, өкенше мамандар көп уақыт жоғалтып алады. Ал бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен олардың мүлкіне қауіп төндіреді, - дейді Өскемен қаласының ТЖБ бастығы Самат Бақытқанұлы.

Рейд кезінде шлагбаумдар мен бетон бөгеттер орнатылған аулалар анықталды.

Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі ережелерінің 164-тармағына сәйкес ғимараттар мен өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпе жолдар мен кіреберістер жарамды күйде және өрт техникасының өтуі үшін кдергісіз болуы тиіс. Тұрғын үйлердің, шлагбаумдардың аумағына кіре берісте персоналдың тәулік бойы кезекшілігі бар стационарлық бекет ұйымдастырылады және шлагбаумдар оларды қолмен ашуға арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі, - деп атап өтті Өскемен қаласының ТЖБ бас маманы Диас Сейтхазин.

Тұрғын үйлердің аулалары бойынша рейд шлагбаумдарда қажетті бекеттер жоқ екенін, шлагбаумды қолмен ашу мүмкін еместігін көрсетті. Мәселе өзекті және тез шешуді талап етеді.

ШҚО ТЖД құтқарушылары кез келген жобаларды әзірлеу кезінде азаматтарды және үйге қызмет көрсететін ұйымдарды шұғыл қызметтердің жұмыс істеу жағдайларын міндетті түрде ескеруге шақырады. Жауапсыздық пен немқұрайлылық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.



Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Шлагбаумдар